Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Дебора Лайонс, Ұйымға мүше мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Т. Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерге өзінің нақты үлесін қосуды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеп, еліміздің БҰҰ қамқорлығымен халықаралық гуманитарлық көмекті қауіпсіз және бірлескен түрде Ауғанстанға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда халықаралық гуманитарлық логистикалық хабты құру туралы бастамасын ерекше атап өтті.