Қазақстан БҰҰ-ның медиациялық татуласу туралы конвенциясына қол қойды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Конвенция БҰҰ-ныңхалықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясымен (UNCITRAL) әзірленген жәнекоммерциялық дауларды медиация жолымен реттеу туралы келісімдерді орындау үшінхалықаралық режімді енгізуге бағытталған.

Конвенцияға қол қоюрәсіміне 46 мемлекет қатысты, олардың қатарында Аустралия, Қытай, АҚШ,Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа елдер бар.

«Посткеңестіккеңістіктегі азиялық аймақтан Қазақстан Республикасы Конвенцияға қол қойғанбірінші мемлекет болып табылады, бұл осы аймақта Қазақстан коммерциялықдауларды шешудің дамуы процесінде көшбасшы екендігінің тағы бір дәлелі.

Конвенция медиацияжолымен реттелген трансшекаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етудікөздейді, сондай-ақ халықаралық коммерциялық дауларды реттеу жөніндегінормативтік құқықтық базаны нығайтуға бағытталған», - делінген ресми ақпаратта.

Осылайша, Конвенциясоттарды таңдау жөніндегі келісімдер туралы Гаага Конвенциясын және шетелдіктөрелік шешімдерді тану және орындау туралы Нью-Йорк конвенциясын толықтыраотырып, халықаралық дауларды жеңілдетілген тәртіппен шешуді қамтамасыз етушеңберіндегі кемшіліктерді жояды.

Соңғы жаңалықтар