«Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған кірісі алғаш рет 1 трлн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 45% өсті. Операциялық пайда 456 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 91% ұлғайды. Бұл өнім сатудың орташа бағасының өсуімен байланысты болды. Ал компанияның таза пайдасы – 473 млрд теңге. Бұл алдынғы жылдағы көрсеткіштен 115% көп», - деп компанияның есебін жариялады Ержан Мұқанов.
Сонымен қатар ол келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталатынын мәлім етті.
Бұған қоса, өткен жылы елімізде уран өндірісі 3% төмендегені, былтыр Қазақстан Қытайға 30 тоннадан астам төмен байытылған уран экспорттағаны айтылды.