Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, екі ел арасында жүк тасымалдау мәселесі жөнінде ақпарат алмасты. Сондай-ақ, тасымалдауға қосымша рұқсат бланкілерінің көлемін белгіледі.
2017 жылы Қазақстан мен Чехия арасында жүк тасымалдауда оң динамика байқалды. Жыл қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі бұл бағытта 17% өсіп, 17,9 мың тоннаны құрады. Негізгі тасымалданатын жүктер қатарында жабдықтар, электрондық техникалар және халық тұтынатын тауарлар бар.
Бұл бағытпен жүрушілердің көптігіне байланысты екі тарап 2018 жылы жан-жақты рұқсат бланкілерінің көлемін 600-ге (барлығы 1400), үшінші елдерге және үшінші елдерден тасымалдауға рұқсат беретін бланкілер санын 200-ге (барлығы 400) дейін ұлғайтуға келісті.
Биылғы жылдың рұқсат бланкілері 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жарамды болады.