65 келіде чемпиондыққа талас Жетісу облысының қос өкілі Ақмолда Сайрамкез бен Анатолий Савельевтің арасында өтіп, жұлқа көтеруде 4, серпе көтеруде 3 Қазақстан рекорды жаңартылды.
65 келі:
Ақмолда Сайрамкез (Жетісу обл) - 311 келі (137 174)
Анатолий Савельев (Жетісу обл) - 303 келі (143 160)
Михаил Бакадаров (ШҚО) - 229 келі (101 128)
– Қарсыласымның салмақты көтеруіне байланысты әрекет жасадым. Өздеріңіз көргендей, серпе көтеруде үшінші мүмкіндігімде 182 келіні бағындыруым қажет еді. Бірақ мерзімінен бұрын чемпион атанғандықтан, қажет емес деп санадық. Енді жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындаламыз, - деді Сайрамкез Ақмолда.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатының көрсеткіші:
Анатолий Савельев (Жетісу обл) - 291 келі (134 157)
Виктор Надворный (Ақмола обл) - 264 келі (119 145)
Ерсұлтан Тұрсынбеков (ШҚО) - 251 келі (115 136)
Айта кетейік, 12-18 мамыр аралығында жалғасатын Қазақстан чемпионатына 16 өңірден 164 спортшы сынға түсіп жатыр.
Алматыда грек-рим күресінен Қазақстан кубогының алғашқы жеңімпаздары белгілі болғанын жазған едік.