Қазақстан чемпионатында 2-турдың қорытындысы бойынша алматылық волейболшылар көш бастап келе жатыр
17:08, 21 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Қызылжарда волейболдан ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті. Онда алматылықтар барлық қарсыластарын қапы қалдырып, турнир кестесінде дара шықты.
19-24 желтоқсанда Хромтауда өткен алғашқы турда командалар бір-бірінен айтарлықтай қара үзіп кете алмаған еді. Бұл жолы алматылықтар 20 ұпаймен Хромтаудың "ТНК Қазхромынан" - 3, Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысынан" - 4, Қызылжардың "Есілі" мен Оралдың "Конденсатынан" - 7, ал "Атыраудан" - 9 ұпайға ұзап кетті. Алматылықтадың енді турнир кестесіндегі жағдайын 11-16 ақпанда өз алаңында өтетін ел чемпионатының 3-турында одан ары жақсартуға мүмкіндігі өте мол.