Бұл сауалнамаға премьер-лига командалары бас бапкерлері қатысты. Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар төмендегідей берілді: 1 орын - 3 ұпай, 2 орын - 2, 3 орын - 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды. Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері бойынша сәуір айының ең үздік ойыншысы болып «Астананың» футболшысы Дорин Ротариу танылды. Ол қостанайлық «Тобылдың» капитаны Азат Нұрғалиевтен екі ұпайға басым түсті.
Ал ең үздік бас бапкерге берілетін сыйлық та елордалық Роман Григорчукке бұйырды.