6-кезең Маската көшелерінде спринтпен аяқталып, ешқандай өзгеріс әкелген жоқ.
Осылайша, Алексей Луценко «Оман туры - 2019» жеңімпазы атанып, италиялық Доменико Поццовивоны 44 секундқа және испандық Хесус Эррадуды 47 секундқа артта қалдырды. Луценко чемпионның қызыл майкасынан бөлек, ұпай жіктемесіндегі үздік жасыл майканы иеленді.
Спринтпен аяқталған ақтық кезеңде италиялық Джакомо жеңіске жетті.