«Меніңше, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдауы елдің ілгері қадам басуы кезеңінде маңызы өте жоғары деп ойлаймын. Жолдау жоспары негізінде халықпен бірлесе еңбек ету Қазақстанда 1997 жылы басталған еді. Осы аралықта Н.Назарбаев екі үлкен: «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялаған болатын. Осыған дейінгі Жолдаулар аталған стратегияларды жүзеге асыру бойынша әрекет етудің негізі ретінде рөл атқарып келеді. Бүгінгі Жолдау Қазақстанның цифрлық кезеңде жаһандық трендтердің дамуына және қазіргі замандағы халықаралық ахуалдарға шынайы баға беріп отырғанын көрсетеді», - дейді Чжао Хуэйжун.
Сарапшының айтуынша, Жолдауда белгіленген тапсырмалар алдағы уақытта да Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығын нығайтып, индустриялдық, цифрлық, қаржылық, көлік-коммуникациялық, ауыл шаруашылығы мен өзге де салаларда, сонымен бірге «Бір белдеу - бір жол» аясында серіктестікгін дамытуға серпін береді.
Чжао Хуэйжун Қытай ұстанып отырған «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасының жүзеге асырылыуында Қазақстанның шешуші рөл атқаратынын айты. Сонымен қатар ол Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға Си Цзиньпинь ерекше маңыз беретінін және Қытай басшысының Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы жақсы екенін атап өтті.
«Қытай Қазақстанға 40 млрд АҚШ долларынан көп инвестиция құйды. Бұл «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасына қатысушы елдердің ішінде ең жоғары көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізді. Биыл көрме нысандарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Менің ойымша, орталық цифрландыру дәуірінде Жолдауда көрсетілген міндеттер маңызды рөл атқарады», - дейді ол.
Биыл Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының жүргізіліп келе жатқанына 40 жыл толады. Осы аралықта Қытай біршама тәжірибе жинақтап, өз дамуының жаңа жолдарын белгіледі.
Чжао Хуэйжунның айтуынша, Қытай алдына қойып отырған мақсаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындай жаңа дәуірдің талаптарына жауап береді.
«ҚР мен ҚХР-ның ынтымақтастығының дамуы жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Жолдауына сараптама, зерттеу жұмысын жүргізуді жалғастыра береміз», - дейді сарапшы.
Еске сала кетсек, Қытай қоғамы ғылыми академиясы (ҚҚҒА) жоғары академиялық құрылым болып табылады. Ол қоғамдық және әлеуметтік ғылым саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізеді. Академия әлемнің ірі қалаларында филиалдары бар кешенді зерттеу орталығы ретінде жұмыс жүргізеді.