Тек республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жекелеген жерлерде қарлы бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында түнде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында қарлы бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ орнап, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болып, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.