«Бұны 2007-2009 жылдары аралығында Қазақстан өзінің дағдарысқа қарсы саясатында анық көрсетті. Біздің зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша, Қазақстан тіпті Жапония сынды мемлекеттің өзін артқа тастап, дағдарысқа қарсы шаралар бойынша ең алға жылжыған мемлекеттердің ондығына кірді», деді В.Седнев.
Сарапшының атап өтуінше, дағдарысқа қарсы бастама дағдарыстан кейінгі секіріс үшін жақсы мүмкіндік береді.
«Дағдарыстың екінші сабағы - бұл ішкі нарықтың және ұлттық капиталдың рөлінің қайта бағалануы. Егер бұрынғы ғаламдану моделі барысында мемлекеттің жедел дамуының негізгі моторы сыртқы нарыққа шығу және экономикалық ғаламданудың жалпы өрісіне ену ретінде қарастырылса, ендігі уақытта басты мотор өңірлік сауда одақтарын, ішкі нарықты және ұлттық капиталды дамыту болуы қажет», деп қорытты ойын ресейлік сарапшы.