11:57, 12 Маусым 2009
«Қазақстан дағдарыстан келешектегі кез-келген жайсыздықтарға дайын болып шығады» - Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Фиона Паулюс
ҚОСТАНАЙ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қостанайда өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІ пленарлық мәжілісінде «Ройял Банк оф Скотланд» компаниясының энергетика және табиғи ресурстар бөлімінің басшысы Фиона Паулюс ханым баяндама жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ф.Паулюс, Қазақстан экономикасының негізгі әлсіз тұсы - долларға тым бейім банк жүйесі екенін атап көрсетті. Осы жағдай 2007 жылдың орта шенінен басталған «несиені сығымдау» үрдісіне несие-ақшалай және валюталық саясатты өзгерту арқылы Үкіметтің жауап беру мүмкіндігін шектеді. «Қаржылық және банк секторының әлсіз жағдайы мен олардың сыртқы қаржыландыруға тәуелділігі қазақстандық экономикадағы қатаң шектеулерге сеп болды және қазақстандық компаниялардың қаржы көздерін тарту қабілетіне теріс әсер етті», - деп атап көрсетті Ф.Паулюс. Ф.Паулюс ханымның пікірінше, табиғи ресурстарға бай елдер, оның ішінде экономикасы мұнай экспортына тәуелді Қазақстан да бар, өз несиелік-ақша саясатында консервативтілеу болуы керек. «Банк реформаларының басталғанын ескере отырып, Қазақстанның дағдарыстан тәжірибелі және келешектегі жайсыздықтарға дайын болып шағатытына сенімдіміз», - дейді Ф.Паулюс ханым.