Банктің жалғыз акционері болып табылатын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 2015 жылғы 5 наурызда (№06/15 хаттама) шешім қабылдады. Банктің Директорлар кеңесінің құрамы - өкілеттік мерзімі 2015 жылғы 13 наурыздан бастап 6 адам болып айқындалды», - делінген хабарламада.
2015 жылғы 13 наурыздан бастап Банктің директорлар кеңесінің мүшелері: «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Бишімбаев Қуандық Уәлиханов; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Алдамберген Алина Өтемісқызы; «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мүдделерінің өкілі Хамитов Ерсайын Ерболатұлы; банк басқармасының төрағасы Жәмішев Болат Бидахметұлы; тәуелсіз директор Алиманов Жанат Жалғасбайұлы; тәуелсіз директор Марсия Элизабет Кристиан Фавале.
Сондай-ақ 2015 жылғы 12 наурызда банк директорлар кеңесінің бұрынғы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталатыны атап өтіледі.