Қазақстан даму банкі жыл басынан бері банкаралық несиелендіру бағдарламасы аясында 45 млрд. теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан даму банкі жыл басынан бері банкаралық несиелендіру бағдарламасы аясында алты коммерциялық банкке 45 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы Асқар Достияров айтты.

"Бүгінде машина жасау, металлургия, химия, мұнайхимия, азық-түлік өнеркәсібі салаларында жалпы бағасы 38 млрд теңгеге 27 жоба қолдауға ие болып, кейбірі жартылай қаржыландырылып қойылған", - деп атап өтті А. Достияров.

Оның айтуынша, "ЦентрКредит" банкіне 11 миллиард теңге, "Цеснабанкке" - 10 млрд, "Казкоммерцбанкке" - 2 млрд, "Жинақ банкіне" - 11 млрд, "Альфабанкке" - 4 млрд, "Халық банкіне" 7 млрд. теңге бөлінген.