Қазақстан дамудың 4-кезеңін басынан өткізіп жатыр - Розани Исмаилова

АЛМАТЫ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ дамудың нақты ұстанымын қабылдады.

Осы бағытта мемлекет пен қоғам мақсатқа қол жеткізу үшін бірікті". Бүгін Алматыда өтіп жатқан "Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жаңа кезеңдегі республиканы жаңғыртудың ынталандырушысы" деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда Соғыс және бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт (IWPR) директоры Розани Исмаилова.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан қазір дамудың 4-інші кезеңінен басынан өткеруде. Біріншісі, 1991-1995 жылдардың аралығында болды. Онда кеңестік жүйені қайта құру мен мемлекеттіліктің негізін қалаумен айналыстық. Екінші кезең - (1996-2000 жылдары) экономикалық және саяси жүйені терең құрылымдық қайта құруды жүзеге асырумен байланысты. Үшінші кезең - (2001-2006 жылдары) - экономикалық өсу уақыты. Төртінші кезең - (2006-2011 жылдары) азаматтық қоғам мен мемлекетті саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңарту.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылдықта Қазақстанда қоғамды қайта құрудың аса ауқымды шаралары жүріп жатыр. Шағын және орта бизнестің белсенді дамуынсыз қарқынды экономикалық өсім болмас еді. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің өсуі жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік беруде. Жан басына шаққандағы тікелей шетелдік инвестицияның көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінде жетекші орында және бірқатар Шығыс Еуропа елдерін басып озды. Бүкіләлемдік банктің бағалауы бойынша әлемдегі инвестиция үшін барынша тартымды 20 елдің қатарына енді.