Елімізге танымал 4 тәлімгер Нұрлан Албан, Мадина Сәдуақасова, Медеу Арынбаев және Алмас Кішкенбаев шәкірттерін алдағы шешуші өнер сайысына қызу дайындап жатыр.
Кім жеңімпаз атанады? Жобаның бас жүлдесі - 5 млн. теңге кімге бұйырады? Мұны тек көрерменнің дауысы шешеді.
Бұл телевизиялық шоу алғаш рет 2010 жылы Нидерландының RTL4 телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шыққан. Содан кейінгі 4 жылда бұл жоба әлемнің 50 шақты еліне тарап үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Алмас Кішкенбаевтың үміткері Бауыржан Ретбаевтың реттік нөмірі - 28, Нұрлан Албан баптаған Данияр Исмаиловтың реттік нөмірі - 22, Медеу Арынбаевтың шәкірті Мақсат Мақұлбековтің реттік нөмірі - 32, Мадина Сәдуақасованың үкілі үміті - Индира Еділбаеваның реттік нөмірі - 17.
Осы қатысушылардың ішінен өзіңіз қалаған үміткердің реттік нөмірін 3075 нөміріне жолдау арқылы немесе 8 80 90 80 30 75 нөміріне телефон соғып, дауыс бере аласыз.