***
- Продюсерден кеткен Бауыржан қазір қайда жүр? - Продюсерден кеткен Бауыржан өнерде, әрі қарай жұмыс жасау үстіндемін,яғни жеке әнші ретінде жаңа әндер жазылуда. - Шығармашылыңда жаңа әндерден бөлек қандай жаңалық бар? - Көптеген ақын, сазгерлермен бірге жұмыс жасап жатырмын, 10-ға жуық ән жазылды, екі әнге бейнебаян түсіреміз деген ойдамыз, одан кейін күзге дейін альбом шығару ойда бар.
- Басқа продюсерлерден ұсыныс түскен жоқ па? - Түсе қойған жоқ. - Ретбаев енді той әншісі болып кетпей ме? - Жоқ, Ретбаев эстрада әншісі, әндерімнің барлығы эстрада жанрындағы әндер, тойға шықпайтын әнші жоқ десек те болатын шығар, анда-санда шақырғаннан кейін тойға барып тұрамыз. - «Қазақстан дауысынан» алған 5 миллионды қайда жұмсадың? - Жеңіп алған 5 миллионға үй сатып алдым. Ал, өнер жолындағы қаржымды көтеретін демеушілерім бар. - Экс продюсермен, топта бірге болған Бердібекпен ара қатынасың қалай? - Ұлықпан ағамен де Бердібекпен де өте жақсы қарым-қатынастамыз,әлі күнге дейін әкелі баладай, ағалы-інідей жақсы қарым қатынастамыз, бір-бірін қазіргі таңда жек көреді екен деген сияқты әңгімелер естіп жатырмын,оның барлығы бос әңгіме,халыққа сенбеулеріңізді өтінемін дегім келеді.