Қазақстан Ұлттық арнасының хабарлауынша, «Қазақстан дауысына» лайықтылардың бірі - Нұрлан Албанның тобындағы Данияр Исмаилов. Данияр Шымкент қаласындағы А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің түлегі. Қазіргі таңда Алматыдағы әскери оркестрдің вокалисі. Жобаға дейін колледжде студенттерге домбырадан дәріс берген.
Даниярдың өзі де ән жазады, терме орындайды. Арманы - танымал әнші болу. Көбіне, қазақстандық эстрада жұлдыздарының әндерін тыңдайды.
Өміріндегі ең қуанышты сәт - мектепті қызыл аттестатқа бітірген күн. Данияр: «егер әнші болмаған жағдайда бизнеске кетер едім»,-дейді.