Бейнебаян түсірілген «Мақпалжан» әнінің сөзін жазған Ержанат Байқабай, әні - Қажымұрат Шешенқұлдікі. Ән бұған дейін халыққа Тоқтар Серіковтің орындауында танылған болатын. Жаңа бейнебаянды «AIMVI» продюсерлік орталығы Алматы маңында түсірді. Әнді орындауда электр-домбыра қолданылған. Айта кетейік, Шахаризат Сейдахмет - Ұлттық арна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасында Нұрлан Албанның тобында өнер көрсетіп, жеңіп шыққан болатын. Ол көпшілікке дәстүрлі әндерді орындаумен таныс.