Жоба мақсаты - ел арасында жүрген ерекше дауыс иесін анықтау. Биылғы жылғы байқауға іріктеу еліміздің тек екі қаласында өтеді:
27 шілде күні Астана қаласы, Абай көшесі, 47, «Ramada Plaza» ғимаратында;
6 тамызда Алматы қаласы, Төле би көшесі, 296 А, «Қазақстан дауысының» түсірілім алаңында жүргізіледі.
«Қазақстан дауысы» атағына үміткерлерді еліміздің белгілі әншілері, өткен жобадағы тәлімгерлер - Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан және Алмас Кішкенбаев таңдайды.
Айта кетейік, «Қазақстан дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет болған. Оны тәлімгері - Нұрлан Албан.
«Қазақстан дауысы» жобасы «The Voice» әлемдік танымлал телешоуының баламасы болып табылады.