12:30, 26 Қараша 2013
Қазақстан ДБ-ның логистикалық тиімділік рейтингінде екі есе деңгейге жоғарыламақ
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистикалық тиімділік индексіндегі рейтингін екі есеге жақсартпақ. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын таныстыру кезінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистикалық тиімділік индексінде 86 орынға табан тіреді. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан рейтингідегі орнын 2020 жылға қарай 40-шы орынға жеткізіп, жақсартуды жоспарлауда»,-деді министр.