Ал, ұялы байланыс абонеттерінің саны бойынша еліміз өткен жылдың көрсеткіштерін 6 тармаққа жақсарта отырып, 4-орынды еншіледі. Тіркелген телефон желілерінің саны бойынша Қазақстан 45-орыннан 43-орынға, интернет желісіне тіркелген кеңжолақты қолжетімділігі бар абоненттерінің саны бойынша 63-орыннан 58-орынға, ал интернет желісіне тіркелген кеңжолақты қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 34 орынға көтерілді, сөйтіп рейтінгіде 3-тармаққа көтерілді.
Бұдан басқа, Қазақстан тиісінше 61 және 54 орынды иелене отырып, пайдаланушылар саны мен интернет желісінің өткізу қабілеттілігі бойынша өз ұстанымын сақтап қалды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.