Қазақстан Дэвис Кубогы рейтингінде екі саты төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Дэвис Кубогының наурыздық жарысының қорытындысы бойынша ұлттық командалар рейтингі жаңартылды, деп хабарлады Sports.kz.

Рейтингтің алғашқы алты жолы өзгеріссіз қалды, одан әрі ауыс-түйістер бар. Тізімде Ұлыбритания көш бастаса, екінші орында чехтар, үшінші швейцарлықтар.

Қазақстандық құрама Белградта сербтерден жеңілгеннен кейін екі сатыға төмендеп, он төртінші орынға орналасты.

Дэвис Кубогындағы құрамалар рейтингі:

1. Ұлыбритания - 25919.38

2. Чехия - 24581.25

3. Швейцария - 18331.25

4. Бельгия - 13627.50

5. Франция - 12950.00

6. Аргентина - 12527.50

7. Сербия - 10562.50

8. Италия - 8415.00

9. Австралия- 7993.75

10. АҚШ - 6371.88

14. Қазақстан - 3306.28