Кездесудің тағдыры Андрей Кузнецов пен Михаил Кукушкиннің ойынында шешілді. Ресейлік Кукушкинді 3:0 (6:1, 6:2, 6:2) есебімен сан соқтырды, деп жазады Sports.kz.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кузнецов жерлесіміз Александр Недовесовті жеңген еді. Ал Кукушкин болса, Евгений Донскойдан басым түскен. Жұптық сында ресейлік Константин Кравчук пен Андрей Рублев қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесовті ұтып кетті.