Қазақстан Дэвис Кубогының рейтингісінде 7-ші орынға көтерілді

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының жаңартылған рейтингісінде 7-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Австрия құрамасын жеңгеннен кейін қазақстандықтар бір сатыға жоғарылай алды. Теннистен ерлер құрамаларының классификациясында көшбасшылықты испандықтар сақтап қалды. Екінші орында Чехия құрамасы, олармен Қазақстан командасы ширек финалда кездесетін болады. Ал үшінші орынды аргентиналықтар иеленуде.

Бірден тоғыз позицияға түсіп қалған Ресей құрамасы рейтингтің жаңартылған нұсқасында 26-шы орыннан көрінуде.

Естеріңізге сала кетейік, финалдың 1/8 ойынында қазақстандық теннисшілер Австрия құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Дэвис Кубогы. 4 ақпандағы рейтинг:

1 (1). Испания - 32000,00;

2 (2). Чехия - 30808,44;

3 (3). Аргентина - 20781,25;

4 (4). Сербия - 19121,88;

5 (5). Франция - 14801,25;

6 (6). АҚШ - 10862,50;

7 (8). Қазақстан - 5424,06;

8 (12). Канада - 5206,88;

9 (13). Италия - 5009,38;

10 (7). Хорватия - 4335,00.