Отырыс барысында бірлестіктің атқарушы және бақылау органдары сайланды, сондай-ақ Алматы қаласында бірлестіктің филиалын құру туралы шешім қабылданды.
Конференцияға қатысқан ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дипломаттарды жаңа бірліестік құрылуымен құттықтады. Ол ұжымның әкімшілікпен тұрақты байланысын қамтамасыз етуде, барлық қызметкерлердің пікірлерін ескеруде және Қазақстанның сыртқы саясатын жүзеге асыруда және мемлекетіміздің халықаралық бастамаларын ілгері жылжытуға әрбір дипломаттың белсене қатысуында қоғамдық институт қызметінің маңызын атап өтті.
«Бірлестік диалог, мақсаттардың ортақтығы, сындарды идеялар мен креатив үшін алаң болуы тиіс, ұжымның рухы мен ахуалын нығайта түсуге және өзара қолдауға көмектесуі қажет. Бұл 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары ауқымындағы жаңа құбылыс», деді Е.Ыдырысов.
«Қазақстан дипломаттары бірлестігінің» негізгі мақсаттары ҚР сыртқы саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу, Бірлестіктің құқықтары мен мүдделерін қорғау және қазақстандық дипломаттар ұрпақтары арасындағы сабақтастықты нығайту болмақ.