16 елдің дипломаттары екі күнге созылған турнирде өзара шеберлік байқасты. Қазақстанның атынан елшілік қызметкерлері Тимур Қапасов пен Калыбек Бекзадаев қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Қалыбек Бекзадаев ауғанстандық дипломатқа ғана есе жіберіп, жеке есепте екінші орынды қанағат тұтса, Т.Қапасов алғашқы жиырмалықтан орын алды.