Қазақстан дипломаты Қытайда инвестициялық форумға қатысты

БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ-НАНКИН. ҚазАқпарат - Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Цзянсу (ҚХР) провинциясының үкіметі ұйымдастырған «Бір белдеу - бір жол» инвестициялық форумына қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде Ж. Қыраубаев қазақстандық-қытайлық экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуында маңызды рөл ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу - бір жол» бастамаларын бірлесіп іске асыруға бөлінетінін атап өтті.

Дипломат сауданы кеңейту, Қытай мен Еуропа арасындағы кеңістікте көлік тасымалын жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктер - «Қорғас», «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА шекаралық ынтымақтастығы халықаралық орталығын дамытуды, «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жолының құрылысын аяқтауды, Ляньюньган қаласындағы қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың жұмыс істеуін қамтитынына тоқталды.

Ж. Қыраубаев қытай бизнесмендерін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысуға шақырды.

Форумның аяқталған соң Қытай кәсіпкерлерінің қауымдастығы Ж. Қыраубаевпен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ҚХР-ға қазақстандық өнімді импорттау, Қазақстанның инвестициялық саясаты саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары талқыланды.