Қазақстан донорлық жүректі ауыстырып салумен шұғылданатын әлемнің 27 елінің қатарына кірді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан донорлық жүректі ауыстырып салумен шұғылданатын әлемнің 27 елінің қатарына кірді,

деп хабарлады "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров pm.kz сайтына берген сұхбатында.

 "Таяуда жасалған созылмалы жүрек ауруына шалдыққан сырқатқа донор жүрегін ауыстырып салу операциясы Қазақстанға әлемдегі донорлық жүректі ауыстырып салумен шұғылданатын 27 елінің қатарына қосылуға мүмкіндік берді", - деді Қадыр Омаров.

 Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жүрек имплантациясы да дамып келеді. Биылдың өзінде 50 шақты арнайы девайс құрылды.

 Бұдан басқа, орталық басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстанда дене мүшелері донорлығын дамытудың алғашқы қадамдары жасалуда.

 «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан дене мүшелері донорлығы бағдарламасын әзірлеу жөніндегі үлкен жұмыс тобы құрылған. Бұл топ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігін тарту арқылы көп салалы жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді Қ.Омаров.