Қазақстан ДСҰ-ға Кеден одағы аясындағы әріптес елдермен тығыз қарым-қатынасты үйлестіре отырып кіретін болады-Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова

None
АНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сыртқы экономикалық саясатта басым бағыттардың бірі - Кеден одағы аясында әріптес елдермен тығыз қарым-қатынасты үйлестіре отырып, ДСҰ-ға Қазақстанның кіру үдерісін жылдамдамдатуға бағытталған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2011 жылы Қазақстан экономикалық мүдделерін әзірлеу және жылжыту мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің беретін жаңа мүмкіндіктерін қолдану мақсатында бизнес қоғамдастықпен белсенді бірлескен жұмыс жалғасатын болады.

«Жаһандық сауда экономикалық жүйеге одан әрі жақындай түсу мақсатында сыртқы экономикалық саясатта басым бағыттардың бірі Кеден одағы бойынша әріптес елдермен тығыз қарым-қатынасты үйлестіре отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстанның кіру үдерістерін жылдамдатуға бағытталған»,-деді Ж. Айтжанова.

Айта кетейік, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларус, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы қызметі істей бастады. Бұл кеден аумағы елдегі бизнес ахуалды жақсарту аясында қабылданып жатқан шаралармен қатар, экономиканың өңдеу салаларына шетелдік және отандық инвестицияларды тарту арқылы экономиканы әртараптандыру үшін ынталандырушы болуға негізделген.