Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының атқарушы комитетінің құрамына енуге ниетті

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 21-29 қаңтарда Қазақстан делегациясы Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атқарушы комитетінің 132-ші сессиясына қатысады деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, оның аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы атқарушы комитетінің құрамына Қазақстан кандидатурасын қолдау жөнінде мәселені талқылау қарастырылып отыр.