Оны ҚР Экономикалық ықпалдастық істері министрі Жанар Айтжанова кеше Алматыда Қазақстанның 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу туралы өтінішін қолдау форумында айтты.
«Біз өзіміздегі тізімдегі ең соңғы ел саналатын Аргетинамен екіжақты келіссөзге қол қойдық. Сондай-ақ Сауд Арабиясымен арадағы келіссөздерді де аяқтадық. Енді сәуір айының басында екіжақты хаттамаға қол қою үшін Сауд Арабиясына барамыз. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде 42 елмен 9 жылға созылған келіссөздер кезінде өте көп жұмыс жасалды», - деді Жанар Айтжанова. Оның айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі кезінде қаржы, банк, сақтандыру салаларын ырықтандыру одан әрі жалғасатын болады. Бұл шара сондай-ақ, телекоммуникациялық қызмет нарығында да жүргізіледі. Қазіріг таңда онда Еуропа елдерінің бірқатар компаниялары жұмыс жасауда. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен әлемдік компаниялардың ену мүмкіндігі одан әрі арта түсетін болады.