Қазақстан дзюдо федерациясы жыл үздіктерін марапаттады

22 желтоқсан күні Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылғы спорт маусымын қорытындылап, үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді, федерация мамандарын марапаттады, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы

ҚР Дзюдо федерециясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Федерация президенті Қуанышбек Бахытбекұлы Есекеевтің жетекшілігімен өткен шараға ұйымның вице-президенттері, ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшылары, Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрама командаларының бапкерлер құрамы мен спортшылар, ғылыми-кешенді топ өкілдері қатысты.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы

Биыл дзюдо спортынан үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарынан жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері Абиба Абужақынова - 5000$, Мағжан Шамшадин - 3000$, Эсмигүл Куюлова - 3000$, Абылайхан Жұбаназар - 3000$, Нұрлыхан Шархан - 3000$ марапатталып, Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали - 1500$, Талғат Орынбасар - 1500$, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері Нұрлан Исатаев - 1 000 000 тг, Балғабай Досбол - 400 000 тг, Сабина Юлдашбекова - 500 000 тг, Оралбек Байзақ - 400 000 тг, Берікбол Жұманбеков - 400 000 тг мөлшеріндегі сертификат тапсырылды.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы

2023 жылғы спорт маусымында жоғарғы нәтиже көрсеткені үшін Камила Берліқаш пен Ғалия Тынбаева, сондай-ақ бапкерлер құрамы, Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев бастаған Қазақстан ұлттық құрама командаларының бапкерлер қосыны, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының аға жаттықтырушылары, ұлттық құраманың массажист, дәрігерлері, федерация қызметкерлері марапатталды.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы

Ісшара соңында Федерация президенті спортшылар мен бапкерлерге, ұжымға алғыс білдіріп, келер Олимпиадалық маусымға сәттілік тіледі.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы
Фото: ҚР Дзюдо федерациясы
Фото: ҚР Дзюдо федерациясы
Фото: ҚР Дзюдо федерациясы