АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы Тайбэйде дзюдодан өткен Азия кубогын 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш додада Азияның 23 елінен 200-ден астам спортшы бақ сынады.
Қазақстан құрамасынан Мәди Жеткерген (-73 кг) мен Санжар Жаббаров ( 100 кг) алтыннан алқа тақты. Ал Мейірбек Байзақов (-66 кг) мен Айшабибі Мұрадимова (-52 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Асылхан Зинуллин (-60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (-66 кг), Мәди Еділбаев ( 100 кг) және Аяна Дүйсенбайға (-48 кг) қола медаль бұйырды.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль кестесінде үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысын тарихи нәтижемен аяқтағанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).