Қазақстан дзюдодан Қытайдағы Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтады
14:01, 26 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шықты. Алайда олардың ешқайсысы финалдық кезеңге жете алған жоқ.
Дәурен Сүйекенов пен Алдияр Қарғұлов (60 келіге дейін), Нұрмұхамбет Ботабай мен Ердәулет Босжа (66 келіге дейін) алғашқы айналымнан өте алмады.
Айта кетейік, 17 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңді.
Үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.