Атап айтқанда, Елдос Сметов (60 келі) пен Елдос Жұмақанов (66 келі) алтыннан алқа тақса, Айбек Имашев (60 келі), Ертуған Төренов (73 келі) және Александра Подрядова (48 келі) күміс медальға ие болды. Ал Асхат Телманов (60 келі), Рустам Ибраев (60 келі), Бақдәулет Сәбитов (66 келі), Дастан Ықыбаев (73 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) және Мариан Ордабаева (63 келі) қоланы еншіледі.
Айта кетейік, Алматы қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при белдесулерін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетіп жатыр.