Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан командасы Римде өтіп жатқан Еуропа кубогінде екі медаль еншілеп үлгерді деп жазады Olympic.kz.

60 келіде белдескен Дәурен Сүйкенов пен Бауыржан Жауынтаев тиісінше күміс және қола медаль алды. 

Дәурен Сүйкенов финалда әзірбайжандық Орудж Вализадтан айласын асыра алмай, екінші сатыға тұрақтады.

Ал Бауыржан Жауынтаев қола медаль үшін күресте моңғолиялық Арюнболдой Энхтайваннан басым түсті.