Қазақстан дзюдошыларының Тайпейдегі ірі жеңістері

None
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен кезекті Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды. Ербол Қырғызбаев пен Жанна Нұртазинаның тәрбиеленушілері екі алтын және төрт қола медальға ие болды,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Екі күн бойы, мамырдың 23-24-і аралығында Қытайдың Тайпей қаласында Бейжің олимпиадасынан кейін бірінші рет көлемі жағынан да, оған қатысушылар жағынан да дзюдо күресінен құрлықтық ірі жарыс өтті.Чемпионатқа Азияның 26 елінен 221 спортшы қатысты. Командалық есепте бірінші орынды оңтүстіккореялықтар алып кетті. Олардың қанжығасында ? 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Екінші орында ? дзюдоның негізін қалаған Жапония өкілдері, оларда ? 3 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль. Үшінші орынды Қытай уысында ұстап қалды, оларда ? 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль. Төртінші орынды Қазақстан спортшылар олжалады, олар ? 2 алтын, 4 қола медаль ұтты.Азия «алтынынан» алқа тағып, сайыс чемпионы атанған жерлестеріміз ? шығысқазақстандық Гүлжан Исанова (78 кг) және қарағандылық Максим Раков (100 кг). Ақтық айқаста Гүлжан алтынды қытайлық Ли Юкингтің уысынан суырып алса, Максим кореялық спортшы Хванг Хе Таедан басым түсті.