«Қазақстанның жоспары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігі де теріске шығарды.
Stopfake.kz сайтының жазуынша, сондай-ақ Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отырғаны туралы мәлімдеме, оны таратқан автор өзінің жеке дереккөздеріне сүйенген. Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес. Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.