Еуразиялық экономиканың дамуы қатысушы елдердің тиімді тепе-теңдік табуына тікелей байланысты. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов нарықтарды интеграциялау кезең-кезеңімен әрі макроэкономикалық тұрғыдан мұқият есептелген тәсілді талап ететінін атап өтті.
- Газдың, мұнайдың және электр энергиясының еркін қозғалысына арналған ортақ кеңістікті қалыптастыру ұлттық мүдделерді қорғауға негізделуі тиіс. Қазақстан үшін ішкі нарықты энергия ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету және өңірлерде тапшылыққа жол бермеу — абсолютті басымдық, — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, көлік инфрақұрылымына қол жеткізудің әділ алгоритмдерін қалыптастыру, бірыңғай цифрлық жүйелерді енгізу (соның ішінде электр энергиясымен мәмілелер жасау кезінде электрондық қолтаңбаларды трансшекаралық тану) жан-жақты әрі салмақты жұмысты талап етеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ЕАЭО серіктестерімен қалыптасқан сындарлы диалогты жоғары бағалайды. Сенім мен коммерциялық өзара тиімділікке негізделген прагматикалық тәсіл түптеп келгенде әрбір мүше мемлекеттің және жалпы макроөңірдің энергетикалық әрі экологиялық қауіпсіздігін күшейтеді.
Айта кетейік, осыған дейін Ерлан Ақкенженов ЕАЭО ортақ энергетикалық нарығының перспективасы туралы айтты.