Қазақстан ЕЭК-дағы өзінің үлесін қаржыландыруды ұлғайтуға дайын - Мәскеудегі кеңес

None
МӘСКЕУ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық тарап Еуразиялық экономикалық комиссиядағы өзінің үлесін қаржыландыруды ұлғайтуға әзір.

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мәлімдеді.

Н.Назарбаев Минскіде КО «үштігінің» мемлекет басшылары кездесуі барысында тараптар Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінде елдер өкілінің қатысу теңсіздігі салдарынан сенімсіздікке себептерді жою жөнінде уағдаласқанын еске салды.

«Біз директор және екі орынбасар, онда қанша болатынын да уағдаластық. 23 департаментте Қазақстан мен Беларусь жетеуден басқарады және тоғызы - РФ азаматтары, деді ҚР басшысы. - Мысалға, кейбір департаменттерде қазірдің өзінде үш-төрт орынбасардан бар және бәрі де - ресейлік азаматтар. Бізге осынша қаржы рәсуа етудің қажеті қанша? Керісінде екеуге дейін қысқартып, ақшаны үнемдеуіміз қажет, деп ойлаймын».

«Департаменттердің қалған қызметкерлері бойынша мүше-мемлекеттердің қатысу үлесіне қарай норма ұсынылады. Мұнымен келісуге болады. Қазақстан өзінің үлесін арттыруды ұсынды, біздің комиссия шенеуніктерін қаржыландыруды ұлғайтуға әзір», - деді ҚР Президенті.