«Біз ресейлік тараппен, яғни Роскосмоспен немесе РФ Үкіметімен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін Байқоңыр аумағында таралуын бастау жөніндегі келісімге қол қою жұмыстарымен айналысудамыз. Бұл келіссөздер «Протон-М» зымыран-тасығышынан келген шығынның орнын толтыру шараларымен қатар жүріп жатыр», - деді министр.
Н. Қаппаровтың сөзіне қарағанда, «Протон-М»зымыран-тасығышы апатының шығынын өтеу бойынша қарқынды келіссөздер жүргізілуде. «Бізде бұл бағытта жұмыс тобы құрылған. Бұл - күрделі үрдіс. Қандай да бір нәтижелер болған кезде, біз оны міндетті түрде хабарлаймыз»,-министр.