Бұл туралы бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Қазіргі кезде ел ғалымдары «Қазақстан экономикасының энергетикалық секторын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасын» орындап жатқандығын баса айтқан ол: «Әзірленген жаңа технологиялар мен өнімдер еліміздің экономикасында, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында практикалық түрде іске асатын болады. Осы бағытта келешек ғалымдардың, инженерлердің жаңа буындарын дайындап жатырмыз», - деді.
Бұл ретте министрдің атап өтуінше, «Назарбаев Университетінде» халықаралық негізде үш ірі зерттеу орталығы құрылған. Сондай-ақ Энергетикалық зерттеу орталығында энергия тиімділігі проблемаларымен шетелдік және отандық ғалымдармен бірге студенттер де айналысатын болады. «Осы тақырып бойынша еліміздегі басқа да көптеген жоғары оқу орындары белсенді жұмыс жасауда», - деді ол.