«Бүгінгі күні Қазақстан экономикаға салынған шетелдік капитал мөлшері бойынша көшбасшы елдердің біріне айналып отыр. Айталық 2005 жылдан 2013 жылдың аралығында республикамызға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар ауқымы 173 миллиард долларды құрады. Ал соңғы бес жылдың өзінде тартылған шетелдік инвестиция ауқымы 100 миллиард доллардан асты», - деді Сыртқы саясат ведомствосының басшысы. Оның айтуына қарағанда, елімізде қабылданған бағдарламалар, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы инвестиция ағымына тың серпін беріп отыр. Бұдан бөлек, әлемді шарпыған қаржылық дағдарыс жылдары Қазақстанның инвестициялық климаты шетелдік бизнес үшін тартымды қалпын сақтап, капитал үшін сенімділігін орнықты ұстаған.
14:23, 19 Желтоқсан 2013
Қазақстан экономикаға шетелдік капитал салымы бойынша көшбасшы елдердің біріне айналып отыр - Е. Ыдырысов
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы бес жылда елімізге 100 млрд. доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.