«Осыдан екі жыл бұрын отандық климатологтар Арал теңізінің құрғаған аумағында зерттеу жасады. Олар 2030 жылға қарай температура 1,7 градусқа, 2050 жылға қарай 2,5 градусқа көтерілетінін анықтады. Яғни, бұл әлемдік трендтерден жоғары. Сондықтан біз дайындалуымыз керек, экономикамызды климаттың өзгеруіне бейімдеуіміз керек», - деді Б.Бекнияз Сенатта өткен брифингіде.
Оның айтуынша, елімізге жаңа су қоймалары қажет.
«Жаңа су қоймаларын салу, каналдарды қаптау және осы каналдарды цифрландыру арқылы дайындалу керек. Яғни, қолда бар су ресурстарының көлемін арттыруымыз қажет. Су ресурстары болуы үшін су қоймаларын салуға екпін қою маңызды», - деді вице-министр.