АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасы екпінді қарқынмен өсіп келе жатқан ел. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында елімізге бірінші мемлекеттік сапармен келген Финляндия Президенті Саули Ниинистё айтты.
«Қазақстан экономикасы барынша екпінді қарқынмен өсіп келе жатқан әлем елдерінің бірі әрі экономикалық өсім рейтингінде қазіргі уақытта үшінші орында тұр», -деді ол.
Бұл ретте Финляндия Президенті экономикалық өсім ел халқының әл-ауқатының арта түскендігін, денсаулық сақтау, білім беру салаларының жақсарғандығын білдіретіндігін баса айтты.
«Сонымен қатар біз Қазақстанның халықаралық саясаттағы, әсіресе осы өңірдегі тұрақтандырушы фактор ретіндегі рөлін талқыладық», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.