«Бұл жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап дамып, бірнеше посткеңестік елдерді басып озды», - деп атап өтті Слуцкий.
«Нұрсұлтан Әбішұлы еуразиялық интеграцияның патриархы және ЕАЭО негізін қалаушылардың бірі. Мен бүгінгі Қазақстанның әлі де өркендеуіне, барлық бағыттағы ынтымақтастығымыздың артарына сенімдімін. Бізді саяси, мәдени, экономикалық және өзге де салаларбойынша тығыз тарихи байланыс жалғап тұр», - деді ол.
Саясаткер Қазақстан Президентінің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте «бестік» өклдеріне 2016 жылды ЕАЭО аясында одақтың үшінші елдермен және шешуші интеграциялық ұйымдармен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы ретінде бекіту туралы Үндеуі 21 ғасырда еуразиялық экономикалық архитектураның мәніне айналуы мүмкін екендігін айтты.
«2016 жыл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен Еуразия кеңістігіндегі жедел дамып бара жатқан интеграциялық бірлестіктермен байланыстардың жылы болды. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ пен «Жібек жолының» экономикалық белдеуі сияқты өзге де көптеген интеграциялық бірлестіктер бар. Міне, осылар 21 ғасырда еуразиялық экономикалық архитектураның мәніне айналуы мүмкін»,-деді ол.
«Мен бауырлас Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтағым келеді және мен осы елдің бұдан әрі де тұрақты дамуын тілеймін. Қазақ халқы, оның гүлденіп келе жатқан мемлекеті маған ұнайды»,-деп қорытты Слуцкий.