Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.
Әлемдік экономикадағы және сыртқы нарықтардағы қолайсыздыққа қарамастан биылғы жылы Қазақстан экономикасының айтарлықтай тұрақты өсімі байқалып отырғандығына тоқталған С. Ахметов, «ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның Ішкі жалпы өнімі 5,7 пайызға өсті. Мемлекеттің халықаралық резервтері 90 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Біз қолайлы инвестициялық жағдайды құру үшін барлық күш-жігерді салып отырмыз»,-деді.
Осы орайда Премьер-Министр соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасына 155 млрд. доллардан астам шетелдік тікелей инвестиция тартылғандығын атап өтті.