2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 328,3 мың адамға немесе 4 пайызға артты.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, аталған мерзімде жалдамалы жұмысшылар 5,7 млн. азаматқа жеткен (жалпы еңбекпен қамтылғандардың 67,3 пайызы).
Сонымен қатар, 2011 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша, жұмыссыздар 479,2 мың адамды құрады, яғни жұмыссыздық - 5,4 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың желтоқсанының соңына қарай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекпен қамту органдарында 36,6 мың адам тіркелді.