Палата мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Бірақ, экономикағы белсенді халық құрылымында ерлерді үлесі басым – 52 пайыз.
«әйелдердің басым бөлігі жұмыс істейтін салалар – бұл сауда-саттық, білім беру, тұрғын-жай мен тамақтану қызметтерін ұсыну, қаржы және сақтадыру қызметі, денсаулық сақтау, әлеумет қызмет көрсету, өнер және көңіл көтеру, жылжымайтын мүлікпен операциялар, түрлі қызмет түрлері», - деді «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қыздар мен әйелдердің әлеуетін талқылауға арналған форумда.
Оның атап өтуінше, жоғары оқу орнын бітірген қыздар жұмыста тез орналасады. Қыздар жұмыс істеуге 3 айдан аз уақытта жұмсаса, жігіттер 3 айдан да көп уақыт жұмысқа орналаса алмайды. Пайызға шаққанда ЖОО бітірген қыздардың 77,9 пайызы, жігіттердің 76 пайызы жұмысқа орналасады.